Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы тауар айналымы 51%-ға артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы тауар айналымы 51%-ға артты

19.07.2022

Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы тауар айналымы 51%-ға артты. Бұл туралы «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының отырысында айтылды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов: Еуро Одақ көп жылдар бойы Қазақстанның негізгі саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Қазақстан мен Еуроодақ елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылдың алғашқы жартыжылдығында 20,1 млрд долларды құрады. Сонымен қатар Премьер-Министр «Kaznedra» бірыңғай платформасы құрылатынын айтты. Бұл платформа инвесторларға «бір терезе» режимінде кешенді сервистік қызмет көрсетуге ықпал ететін болады.


Хабарламаларға жазылу