Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдағы 4 жылға арналған тұжырымдама қабылдынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдағы 4 жылға арналған тұжырымдама қабылдынды

19.07.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес - Президент реформаларының басым бағыттарының бірі. Алдағы 4 жылға арналған кешенді іс-шаралар тұжырымдамасы да қабылданған. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында осылай деді. Тұжырымдама стратегиялық міндеттерге қол жеткізе отырып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Мемлекеттік кеңесші аталған жұмыстың тиімді іске асуы тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Жиында Еуропа Кеңесі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мемлекеттер тобының ұсыныстары да пысықталды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу