Тегеранда бүгін Түркия, Ресей және Иран президенттері кездесіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тегеранда бүгін Түркия, Ресей және Иран президенттері кездесіп жатыр

19.07.2022

Тегеранда бүгін Түркия, Ресей және Иран президенттері кездесіп жатыр. Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путин Украина астығын Қара теңіз арқылы экспорттауды қалпына келтіру мәселесін талқыламақ. Сонымен бірге, тараптар өңірдегі лаңкестік пен гуманитарлық дағдарыс жайын қозғайды. Түрік лидерінің Сирияның солтүстігінде тағы бір әскери операция бастау туралы мәлімдемесі де талқыланбақ. Үшжақты кездесуден кейін президенттер екіжақты келіссөздер өткізеді. Айта кетсек, бұл Ресей президенті Путиннің Украинада қарулы қақтығыс басталғалы шетелге екінші сапары. Бұған дейін Ресей мен Иранның ресми тұлғалары Батыстың санкциялары екі елді жақындата түскенін мәлімдеген еді. Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, қос мемлекет стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды, өзара сауда-саттықта доллардан бас тартуды жоспарлап отыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу