Елде мал жаюға шамамен 15 миллион гектар жер жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде мал жаюға шамамен 15 миллион гектар жер жетіспейді

20.07.2022

Елде мал жаюға шамамен 15 миллион гектар жер жетіспейді. Бас прокуратураның мәліметінше, тек соңғы 3 жылдың ішінде прокурорлар 18 миллион гектар жердің бос жатқанын және 3 миллион гектардың заңсыз жайылымға берілгенін анықтаған. Оның 5 миллион гектары мемлекетке қайтарылып, тағы 4 миллион гектары айналымға тартылды. Проблеманың туындауына учаскелерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар себеп, дейді. Сондай-ақ жерлерді беру кезіндегі заңбұзушылықтар және тиісті бақылаудың жасалмағаны үшін 520 лауазымды тұлға, оның ішінде 42 адам мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты. Салдарынан адал еңбек ететін фермерлер мен ауыл халқы жайылымдарды пайдалану мүмкіндігінен айырылып отыр. Жағдайды жақсарту үшін биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп Мемлекетке қосымша 5 миллион гектар жерді қайтару жоспарлануда. Құзырлы орган осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу