Қайрат Құдайберген «Amanat» партиясынан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Құдайберген «Amanat» партиясынан шығарылды

20.07.2022

Қайрат Құдайберген «Amanat» партиясынан шығарылып, Алматы қалалық мәслихатындағы депутаттық мандатынан айырылды. Мұндай шешім бүгін өткен мәслихаттың кезектен тыс XXIII сессиясында қабылданды. Еске сала кетейік, Қайрат Құдайберген 21 сәуірде уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған болатын. Оған «қаңтар оқиғасы» кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылды. Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 21 шілдеге дейін ұзартылған еді.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу