Шығыстағы Қатонқарағайдан Берелдегі сақ қорғандарына баратын төте жолдың тауқыметі көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы Қатонқарағайдан Берелдегі сақ қорғандарына баратын төте жолдың тауқыметі көп

20.07.2022

Шығыстағы Қатонқарағайдан Берелдегі сақ қорғандарына баратын төте жолдың тауқыметі көп. Жергілікті атқа мінерлердің назарынан тыс қалып келе жатқан Бұқтырманың оң жағалауындағы 12 шақырымдық шаңы шыққан жолмен 9 ауылдың тұрғындары мен туристер де қатынайды.

Шығыстағы Берел қорымында қысы-жазы турис үзілмейді. Бұқтырманың сол жағалуындағы республикалық жол сайрап жатыр. Бірақ бұл айналма. Ал оң жағасындағы он екі шақырымдық төте жолдың тауқыметі көп. Бұл осы өңірге келетін туристер үшін ең басты мәселенің бірі болып тұр.

Дархан Имашбай, Аққайнар ауылының тұрғыны:

Туристер жаздың күні келмейді емес келіп жатады, өткен жылдың өзінде ғана ауыл әкімдігінің мәліметі бойынша 2 мыңнан аса адам келген мына жол істелсе сөзсіз ауылға қарай аттың басын бұрғалы жатқан жастар да бар.Өткен жылдың өзінде біздің ауылға алты жас отбасы көшіп келді.

Аққайнар мен Жамбыл округіне қарайтын шағын 9 ауылдың тұрғындары да тек осы жолмен қатынайды. Оған қоса 3 демалыс орны мен панты және ара терапиясымен емдеу орталығына жүздеген адам келеді.Төте жолдың мыңызы осында. Беті тегістелгенімен жылға жетпей қайта таз қалпына түседі.

Серікқан Құрманов, Аққайнар ауылдық округінің әкімі:

Тек қана қиыршық тастар ғана қалып отыр, оны тегістеу ары кетсе бір екі аптадан соң бұрынғы қалпына келеді жыл көлемінде 3,5 миллион теңге қарастырылып,бөлінеді.

Биыл шығыста ауыл-аймақ арасындағы жолды жамап-жасқау үшін жалпы 114 жоба қабылданған.Бұған түрлі бюджет көзінен 19 миллиард теңгеге бөлінді.Негізінен көлік көп жүретін жолдар жөнделіп жатыр.

Нұрбек Тұраров, ШҚО Жолаушылар көлігі автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:

Көлік қарқыны көп жолдарды айтсақ Өскемен Тарғын, Самар жолы, Дмитриевка Бородулиха Шемонайха жолы одан кейін туристік бағыттағы Барлық Арасан Алакөл көліне апаратын жолын жөндейміз. Шар-Әуезов жолы да жөнделеді.

Өңірде қазір жалпы түрлі бағыт бойынша 233 шақырым жол жөнделіп жатыр. Билығы жоспарға Берелге баратын 12 шақырымдық соқпақ та кіріп отыр. Оған да асфальт төселмек.

Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу