«ҚазЦинк» металлургиялық кешені 10 млн теңге айыппұл төледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазЦинк» металлургиялық кешені 10 млн теңге айыппұл төледі

22.07.2022

«ҚазЦинк» Өскемен металлургиялық кешені 10 миллион теңге айыппұл төлейтін болды.

Кәсіпорын заңда көрсетілген экологиялық талаптарды орындамайтыны дәлелденді. Яғни ауаға рұхсат етілген мөлшерден артық шығарындылар шығарған. Аймақтық экология департаменті зауыттағы цехтарды 10 күн бақылауға алып, бірнеше рет арнайы аспаптармен өлшеу жүргізген. Нәтижесінде зиянды қалдықтар шамадан тыс бөлінетіні дәлелденді. Ауада азот диоксиді, күкірт қышқылы, формальдегид сияқты адам денсаулығына аса зиянды қалдықтар көбейіп кеткен. Мұны «Қазгидромет» орталығының мамандары да растады.Сондықтан құзырлы органдар кәсіпорынға айыппұлмен қатар, зиянды шығарындыларды азайтып, экологиялық іс-шаралардың тиімді жоспарын құру туралы ұйғарым шығарды.

Рауан Тұраров, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:

Келешекте алдын алу бойынша өзінің ұсыныстарын берді. Қазіргі күні ол ұсыныстар қаралуда. Егер ол ұсыныстар біздің ойымызша жеткілікті болып, осы мәселені шешетін болса, онда осы іс-шараға өз тарапымыздан келісім береміз. Бұл жерде ең бастысы айыппұл салу емес. Ең бастысы – болашақта осы кемшіліктер мен заң бұзушылықтарды болдырмау.


Хабарламаларға жазылу