Шығыста арзан бағаға қант сатамын деп елден 90 милион теңге жинап алған алаяқ әйел ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыста арзан бағаға қант сатамын деп елден 90 милион теңге жинап алған алаяқ әйел ұсталды

22.07.2022

Шығыста арзан бағаға қант сатамын, деп елден 90 милион теңге жинап алған алаяқ әйел ұсталды. Оның 29 жастағы Өскемен тұрғыны екені анықталды. Өзін көтерме саудагер ретінде таныстырып, нарықтағыдан әлдеқайда арзан бағаға қант сататынын айтқан. Ол тұтынушыларға алдын-ала төлем жасауға үгіттеп сеніміне кіреді. Одан соң тауар жеткізілетінін айтады. Осы әдіспен айналасы бір аптада жүзге жуық адамды сан соқтырған. Әр адамнан 5 мыңнан, 4 миллион теңгеге дейін жинап алған. Полиция қызметкерлері тұрғындардан әлі де арыз- шағым түсіп жатқанын айтады. Қазір осы іске қатысты қылмыстық Кодекстің 190-бабы 3-бөлігіне, яғни алаяқтық бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал алаяқ әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Татьяна Карпова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

Тек бір аптада осы әйелге ақша беріп алдандым,деген жүз адам полицияға шағым жазды. Қазір тергеу- тексеру жүріп жатыр. Ол елден жиған ақшасын басқа есепшоттарға аударды ма, жоқ па соны анықтау үшін қаржылық бақылау органдарына хат жазылды. Тергеудің нәтижесі бойынша процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.


Хабарламаларға жазылу