«Самара-Шымкент» тасжолында аптап ыстықтан асфальт балқып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самара-Шымкент» тасжолында аптап ыстықтан асфальт балқып кеткен

25.07.2022

«Самара-Шымкент» тасжолында бетон жабындысы көтеріліп кетті. Салдарынан көлік қозғалысы қиындады.

Аптап ыстықтың кесірінен асфальт балқып кеткен. «ҚазАвтоЖол» өкілдерінің мәліметінше, мердігер компания жолдағы ақауды тез арада жөндеген. Қазір аталған жол учаскесінде қозғалыс реттелді.

Авторы: Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу