Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра қажылығын өтеді. «Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл - Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді", - делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында.