Жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға даярлайтын 125 HIGH SHCOOL мектебіне биыл 10 жыл. Осы уақыт аралығында білім ошағынан мыңдаған ұл-қыз түлеп ұшты. Олардың дені қазір іргелі оқу орындарында білім алып жүр. Мерейтойды бар сән-салтанатымен атап өткен еңбек ұжымы, жылдың үздік мұғалімін анықтап, оған су жаңа көлік сыйлады.
10 жыл. Бұл оқушыларды ҰБТ-ға даярлайтын шағын орталық ретінде ашылып, уақыт өте еліміздегі ең беделді мектептердің біріне айналған 125 HIGH SHCOOL ұжымы үшін біршама уақыт. Өйткені олар осы күнге жету үшін біраз тер төкті. Мерейтойға 9 өңірден мектеп директорлары, мұғалімдер мен менторлар және халық арасында кеңінен танылған блогерлер мен өнерпаздар бас қосты.
Әлібек Есенов, 125 High Shcool мектебінің негізін қалаушы:
High shcool-ды 2011 жылы бастадық курстан. 3 жыл болды мектеп болып ашылғанымызға. Қазақстанның қалаларында ашып, 10-11 сыныптарға, кейбір қалаларда 1 сыныптан оқтытамыз. Мақсатымыз балаларды жақсы университеттерге түсіру және шетелдерге жіберу.
Бұл ұжымда мұғалімдердің орны ерек. 22 педагогтің шет елге жолдама алуы соған айқын дәлел. Ал, білім ошағында осымен 5 жыл қатарынан сабақ беріп келе жатқан – Кәмшат Әбдіқадір жылдың үздік мұғалімі атанып, мектеп басшылығы оған су жаңа автокөлік табыс етті.
Кәмшат Әбдіқадір, мұғалім:
Өте қобалжып тұрмын. Толқып тұрмын бір жағынан. Қуаныш сезімі барлығы араласып жатыр. Сондықтан керемет сезімде болып тұрмын. Бірден көзіме жас келді. Шыны керек. Егер беріп жатса жыламаймын, дегенмен, ішкі сезім сыртқа шығып кетеді екен.
Бүгінде Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан, Қызылорда және Семей сынды еліміздің 9 өңірінде 16 125 high shcool мектебі бар. Жуырда Ташкентте тағы біреуі ашылды. Биыл аталған білім ошақтарын 2600-ден астам түлек бітірген. Олар Америка, Түркия, Қытай елдерінің беделді оқу орындарының гранттарын жеңіп алған.
Нұрсұлтан Тілектес