Халықаралық бағытта жүк тасымалдаушылар утилизациялық алымнан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық бағытта жүк тасымалдаушылар утилизациялық алымнан босатылды

25.07.2022

Халықаралық бағытта жүк тасымалдаушылар утилизациялық алымнан босатылды. Үкімет қаулысы шықты. «Жасыл даму» компаниясының хабарлауынша, жүк тасымалдаушы 3 ай ішінде көлікті тіркеп, халықаралық тасымалға рұқсат қағазын алуы шарт.

Жалпы Еуразиялық экономикалық аймақта жүк айналымы шақырымға 2 трлн 700 млрд тоннадан асқан. Былтырмен салысыстырғанда көрсеткіш 2 пайызға өсіп отыр. Ал жолаушылар тасымалы 7 млрд 400 млнға жетті. Осылайша жолаушы тасымалдау айналымы 10 пайызға жуық көтеріліп отыр.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу