Еліміздің түкпір-түкпірінде бойына тың идея тұнған, озық ойлы жастар аз емес. Араларында бала тілінің тез шығуына көмектесетін IT өнімдерді жасағандар да бар. Ал енді біреулері қазақ қаламгерлерінің шығармаларын аудиоформатқа айналдырып жатыр..
Қазір балалар қызыға қарайтын қазақша қосымшалар жасалуда. Авторы Қызғалдақ Байтаңатқызының айтуынша, IT жобаның мұндай үлгісінің елде теңдесі жоқ. Өнім бала тілінің тез шығуына көмектесіп, сауатын арттырады. Себебі олар кейіпкерлер мен заттарды тірілей көргендей әсерде болады.
Қызғалдақ Байтаңатқызы, IT жобаның негізін қалаушысы:
«QazaQsha» жобасын дайындауға түрткі болған ол – қазіргі таңда 1 жас және 5 жас аралығындағы балалардың тіл шығу процесі төмен, даму процесі төмен.
Отандық өнімге, әсіресе ұстаздар тарапынан тапсырыс көп түседі екен. Қарағанды, Маңғыстау мен Қостанайдағы мектеп оқушылары астрономия, география пәндерінде жаңашылдықтың игілігін көрген. Ал мына жобаның авторлары қазақ жазушыларының шығармаларын аудиоформатқа айналдырумен айналысады.
Қазіргі заманғы жазушылардың шығармалары, ертегілер, Абайдың қара сөздері кәсіби деңгейде дауысталады. Құрастырушылар дыбысталған мәтінді таңдайтын аудитория үлесі 65 пайызды құрайтынын айтады.
Жанар Керімбаева, IT жоба продюсері:
Кітап форматында, баспа кітаптардың өзектілігі жоғала бастағандықтан аудио форматта қайта жаңғыртуға көңіл бөліп жатырмыз. Негізі кез келген жанрды қарастырамыз. Өйткені тыңдарманда таңдау болуы керек.
Қолымыздағы ұялы телефонда қазір барлығы бар. Оған тек тиісті қосымшаны жүктеп алу керек. Сондықтан қазақша контентпен қалың жұртқа танылудың бірден-бір жолы – IT өнімдер.