Халықаралық кітап жәрмеңкесінде «Бабалар сөзі» жинағы шетелдіктерге таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық кітап жәрмеңкесінде «Бабалар сөзі» жинағы шетелдіктерге таныстырылды

10.10.2014
Халықаралық кітап жәрмеңкесінде «Бабалар сөзі» жинағы шетелдіктерге таныстырылды

Франкфуртта өтіп жатқан әлемдік кітап жәрмеңкесінде қазақ фольклорының 100-томдық «Бабалар сөзі» топтамасы әлем жұртшылығына таныстырылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жарық көрген жинақтың тұсауы елімізде биыл ақпанда ғана кесілген. Қазақ руханият тарихындағы ұлы жаңалықты шетелдіктер «Ғасыр жобасы» деп бағалады.

1473 жылдан бастап ұйымдастырылып келе жатқан Франкфурттағы кітап жәрмеңкесіне биыл да әлемнің 100 елі өзіндегі бар жауһарды ала келіпті. Дегенмен, сол 100 елдің өкілдері Қазақстанның 100 томдық фольклорын көргенде таңданыстарын жасыра алмады. Өйткені, фольклор бәрінде де бар. Бірақ, ешқайсысы сол бай мұраны жинап, зерттеп, том-том ғып шығарған емес.

Тәрбие көзі саналатын «Бабалар сөзі» топтамасының 20 томы батырлар жырына, 13 томы тарихи жырларға арналған. Жетеуі діни, 13-і хикаялық дастандар. 8-і ғашықтық дастандар болса, 5-томы ертегілерден тұрады. Яғни, мұнда қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасы, тарихы, мәдениеті, салт-санасы, философиясы, педагогикасы, өнері түгел қамтылған.

Ал, «Бабалар сөзінің» жақын күндері электронды нұсқасы жарық көріп, болашақта топтама шет тілдеріне аударылады.

Нұрсұлу ҚАСЫМ

 

 

 

Хабарламаларға жазылу