Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінде 10-шы қабаттағы пәтердің терезесінен шығып, қабырға жақтауымен жүгіріп жүрген балалардың бейнежазбасы жұрттың жағасын ұстатты.
Балалардың бұл әрекетін тұрғын кездейсоқ байқап қалған. Куәгердің айтуынша, қыздардың үлкені 4-5 жаста. Қалған екеуі одан кіші. Осы оқиға бойынша балалардың ата-анасы анықталып, оларға айыппұл салынды. Айта кетейік, бұған дейін де Ақтауда 14 қабатты тұрғын үйдің шатырында жүгіріп жүрген балалардың бейнежазбасы тараған болатын. Алайда, полицейлер жеткіншектердің ата-анасын таба алмады.
Фариза Елубаева, қала тұрғыны:
Видеодан көріп отырғанда өзімнің балам құлап бара жатқандай сезімде болдым. Өте қауіпті әрі қорқынышты. Енді анадай көпқабатты үйден бала құлап кетсе, қандай болады? Өзіміздің де баламыз бар, біз де жағарғы қабатта тұрамыз. Сондықтан ата-аналар қауіпсіздік шараларына қолданса екен деген өтінішім бар.