Еліміздің түкпір-түкпірінде бойына тың идея тұнған озық ойлы жастар аз емес. Араларында бала тілінің тез шығуына көмектесетін IT өнімдерді жасағандар да бар. Ал енді біреулері қазақ қаламгерлерінің шығармаларын аудиоформатқа айналдырып жатыр.
Қазір осы сынды балалар қызыға қарайтын қазақша қосымшалар жасалуда. Авторы Қызғалдақ Байтаңатқызының айтуынша IT жобаның мұндай үлгісінің елде теңдесі жоқ. Өнім бала тілінің тез шығуына көмектесіп, сауатын арттырады. Себебі, олар кейіпкерлер мен заттарды тірілей көргендей әсерде болады.
Қызғалдақ Байтаңатқызы, IT жобаның негізін қалаушысы:
QazaQsha жобасын дайындауға қазіргі таңдағы 1 және 5 жас аралығындағы балалардың тілінің кеш шығуы түрткі болып отыр.
Отандық өнімге, әсіресе, ұстаздар тарапынан тапсырыс көп түседі екен. Қарағанды, Маңғыстау мен Қостанайдағы мектеп оқушылары астрономия, география пәндерінде жаңашылдықтың игілігін көрген. Ал мына жобаның авторлары қазақ жазушыларының шығармаларын аудиоформатқа айналдырумен айналысады.
Жаңа жыл қарсаңында Фейсбуктағы лентамды асықпай қарап отырғанымда көзім бір әйелдің жазбасына шалып қалды.
Қазіргі заманғы жазушылардың шығармалары, ертегілер, Абайдың қара сөздері кәсіби деңгейде дауысталады. Құрастырушылар дыбысталған мәтінді таңдайтын аудитория үлесі 65 пайызды құрайтынын айтады.
Жанар Керімбаева, IT жоба продюсері:
Кітап форматында, баспа кітаптардың актуалдылығы жоғалып, өзектілігі жоғала бастаған кітаптарды аудио форматта қайта жаңғыртуға көңіл бөліп жатырмыз. Негізі кез-келген жанрды қарастырамыз. Өйткені тыңдарманда таңдау болуы керек.
Қолымыздағы ұялы телефонда қазір барлығы бар. Оған тек тиісті қосымшаны жүктеп алу керек. Сондықтан, қазақша контентпен қалың жұртқа танылудың бірден-бір жолы - ол IT өнімдер.
Ламбриан Топузидис