Президент Кипрмен қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісімді мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Кипрмен қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісімді мақұлдады

26.07.2022

Мемлекет басшысы қылмыскерлерді экстрадициялау туралы келісімді Кипрмен мақұлдады. Екі ел арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы жарлыққа қол қойды. Шартқа сәйкес, экстрадициялауға жататын қылмыстар деп:

«Екі уағдаласушы мемлекеттің ұлттық қылмыстық заңнамасына сәйкес қылмыстық жазаланатын және қылмыс жасағаны үшін кемінде бір жыл немесе одан да көп мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмыстар жатады. Сондай-ақ егер қылмыс- сұрау салушы мемлекеттің аумағынан тыс жерде жасалған болса әрі қылмыстар үшін жауапқа тарту көзделген болса, ұстап беру іске асырылады» - деп көрсетілген.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу