Бүгін еліміздің жеті аймағында прокурорлар тағайындалды. Жаңадан құрылған облыстар: Ұлытауға - Жарқын Бақашбаев, Абай облысына - Ерлан Абаев тағайындалды. Ал Жетісу облысына - Мадияр Басшыбаев прокурор болды. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысына - Серік Шалабаев, Ақтөбе облысына Халидолла Дәуешов, Маңғыстау облысына Руфат Құттықов, Атырау облысына Бауыржан Жұмақанов прокурор болып тағайындалды. Ал, елдің бас көлік прокуроры - Тимур Сүлейменов болды.
Сондай-ақ, Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің аймақтық органдарына да басшылар тағайындалды. Атап айтсақ Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің бастығы Бақытжан Уәлиниязов, Алматы облысына Рустам Ыбыраев, Қарағанды облысына Бауыржан Құндызбаев, Шығыс Қазақстан облысына Ринат Қоқымбаев, Ұлытау облысы бойынша Саламат Үкенов, Жетісу облысы бойынша Алмас Наймантаев тағайындалды.