Өскеменде экологиялық ахуал нашарлап барады. Өндірістен бөлінетін улы газға көліктен шығатын көк түтін қосылып, жағдай жылдан-жылға ушығуда. Статистикаға үңілсек, соңғы үш жылда аймақта тыныс жолдарының қатерлі ісігіне шалдыққан науқастар саны - 14 пайызға өскен. Сондықтан өңірдегі экологтар бірінші кезекте, қоғамдық көліктерді газға көшіру керек деп дабыл қағуда. Алайда автопарк өкілдерінің өз уәжі бар.
Жол полициясы қызметкерлері жылына 1-2 рет қоғамдық көліктердің ауаға шығаратын газ мөлшерін тексереді. Шекті мөлшерден асып кетсе айыппұл ғана салады. Сондықтан экологтар бұл мәселені кешенді түрде шешуді ұсынады. Ол үшін бірнші кезекте автобустарды газға көшіру қажет дейді. Өйткені Өскемендегі автопарктердегі кейбір автобустар 30-40 жылдан бері әлі жолаушы тасымалдап жүр.
Данияр Әлиев, облыстық Экология департаментінің басшысы:
Қаланың ішіндегі автобустар бәрі қап қара түтін болып шығып жатыр. Өйткені ол ескірген. Екіншіден ол түтіннің ішінде улы заттар өте қауіпті. Азод диоксиді бірінші орынға шығып тұр. Егер газға ауысса әрине экологиямыз шамалы тазарады.
Ірі атвопарк басшысының бірі Рустам Әбенов, қазір қалада жолаушы тасымалдап жүрген автобустарға бірден газды-қозғалтқыш орнату мүлде мүмкін емес дейді. Қоғамдық көліктерді жаппай газға көшіру үшін оған қызмет көрсететін мекеме тағы қажет.
Рустам Әбенов, Автопарк директорының орынбасары:
Соляркамен жүретін моторлы көліктер олар газға техникалық тұрғыда ауыспайды. Негізі ол үшін бүкіл қозғалтқышты алып, жаңа қозғалтқыш салу керек. Ешқандай зауыт оған келіспейді. Екіншіден газдан қыста қатып қалады. Оған бір үлкен газды үлкен компания болу керек. Қызметін жасайтын. Бүкіл қаланы газға ауыстырса. Жұмысшылар да көп болу керек, техникасы да көп болу керек.
Қаладағы бірлі –жарым газ құю бекеттері жеке көліктердің сұранысын әрең орындап отыр.
Олжас Керейхан, тілші:
Өскемендегі 350 мыңға жуық тұрғынның әрбір екіншісінің жеке көлігі бар. 95 пайызы жанар-жағармаймен жүреді. Осы көліктерден шығатын улы түтіннің құрамындағы бензеприн мен азот диоксиді қалыпты мөлшерден бірнеше асып кеткен. Бұл адамның тыныс жолдарын күйдіріп, созылмалы дертке шалдықтыруы әбден мүмкін.
Соңғы екі жылда өкпенің қатерлі ісігіне шалдыққандар облыс көлемінде 14, ал Өскеменнің өзінде 20 пайызға өскен. Өлім-жітім де азаймай тұр.
Роман Нәлібаев, облыстық көпсалалы «Онкология және хирургия» орталығы директорының орынбасары:
Статистикаға келетін болсақ, тыныс жолдарына былтыр 137 адамға тексеріс алынған болса, биыл 147 адам алынды. 147 адамнан 1-2 дәрежесі көптеу. Былтыр 2-3 дәрежесі көп болатын. Және былтыр өлім 80 адам болса, биыл 90 адамнан асты.
Дәрігерлер аймақта экологиялық жағдайдың нашарлығынан онкологиялық аурулардың көбейгеніне алаңдаулы. Өндірісті өңірдегі эко-ахуалды жақсарту үшін биыл автопарктерге бюджеттен субсидия бөлініп, газбен жүретін 200 автобус алу жоспарланған. Алайда қазынада қаржы аз болғандықтан бұл жоба да іске аспай қалды.
Олжас Керейхан