Уханьда 1 миллиондай адам карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уханьда 1 миллиондай адам карантинге жабылды

28.07.2022

Қытайдың Ухань қаласының шетінде 1 миллиондай адам карантинге жабылды. Жергілікті билік мұндай шешімді 4 тұрғыннан коронавирус табылғаннан кейін қабылдады.

Жаңа ережеге сәйкес, алып мегаполистің Цзянся ауданының халқы үш күн бойы үйлерінен немесе ауласынан ұзап шықпауы керек.

Айта кетсек, коронавирус алғаш 12 миллион халқы бар Уханьда 2019 жылы анықталды. Содан бері мұндағы қытайлықтар қауіпті індетке қатысты тесттен ұдайы өткізіліп тұрады.

Американың Джон Хопкинс универстетінің дерегінше, пандемия басталғалы Қытайда 2,2 миллион адам коронавирус жұқтырып, 14 мың 700-ден астамы қайтыс болған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу