Украина армиясы елдің оңтүстігіндегі Херсон облысын қайтару науқанын үдете түсті. Мұны Батыстың әскери барлаушылары хабарлап отыр. Олардың сөзінше, Украина жауынгерлері Днепр өзенінің үстіндегі «Антоновский» стратегиялық көпірін зақымдап, жапқаннан кейін Ресейдің мыңдаған сарбазына қоршауға түсу қаупі төніп тұр.
Мәскеу бұл көпірді Херсонды басып алған қарулы күштеріне құрал-жабдық пен азық-түлік жеткізу үшін қолданды. Енді сол сарбаздар Херсоннан тыс жерлердегі ресейлік әскермен байланысын үзуге жақын. Ал «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, Ресей армиясы Донбасста «Углегорск» электр станциясын басып алып, Украина күштерімен шайқасу үшін оңтүстік облыстарға жауынгерлерін көптеп жөнелтіп жатыр.
Арыстан Рысбек