Алматыда пышақпен қаруланған жастар өткен-кеткен адамдарды тонаған.
Медеу ауданының полицейлері сериялық тонау дерегін анықтап, кәмелет жасына толмаған 4 күдіктіні ұстады. Белгілі болғандай олар көшеде жүрген тұрғындарды суық қарумен қорқытып, ұрып-соғып, ұялы телефондары мен басқа да бағалы мүліктерін тартып алған. «Квартет» жымысқы әрекеттерін адам көп жиналатын орындарда іске асырған. Қылмыскерлер өздерінің қарақшылық әрекетін толық мойындап отыр. Қазір олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Медеу аудандық полиция басқармасының мамандары жапа шеккен азаматтардан 254-48-02 телефонына хабарласуын сұрайды.
Нұрсұлтан Тілектесов