Cәулетші: Бас жоспарға бағынбаған құрылысшыларды жазалау қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cәулетші: Бас жоспарға бағынбаған құрылысшыларды жазалау қажет

28.07.2022

Бүгінде еліміздегі сәулет саласын оған мүлде қатысы жоқ азаматтар басқарып отыр. Қазақстанның құрметті сәулетшілері бүгін елордада арнайы жиын өткізіп, саладағы былықтарды жіпке тізді. Одақ президенті Серік Сұлтанғалидің сөзінше қазір архитекторлардың мәртебесі жоқ. Сол себепті кәсіби мамандар жасаған архитектуралық жоспарлар іс жүзінде мүлде басқаша жүзеге асады. Әкімдіктер жанынан қала құрылысы кеңесін құру қажет. Қаланың бас жоспарына бағынбаған құрылыс компанияларын жазалау қажет дейді олар. Архитекторлар елордадағы атышулы ЛРТ жобасына қатысты өз пікірін білдірді. Олардың сөзінше құрылысты тек аяқтап қана қоймай, екінші, үшінші желісінің жоспарына кірісу керек.

Cәулетші: LRT-ның бірінші кезеңімен шектелмеу керек

Сәрсенбек Жүнісов, Қазақстанның құрметті сәулетшісі:

Тұрғындар саны баяғыда миллионнан асты. Қаламызға жылдам жүретін көлік керек. Осыған байланысты мен LRT құрлысын аяқтау керек деген ұстанымды қолдап келе жатырмын. Керісінше енді LRT-нің екінші, үшінші, төртінші, бесінші желісін салуды ойластыруымыз қажет. Бәлкім аспалы, тіпті кей жерінде екі деңгейлі болуы керек шығар. Біздің жағдайға жылдам жүретін трамвай керек деп отырмыз.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу