Қазақстаннан көмірді шетелге автокөлікпен әкетуге жарты жылға тыйым салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстаннан көмірді шетелге автокөлікпен әкетуге жарты жылға тыйым салынуы мүмкін

28.07.2022

Қазақстаннан көмірді шетелге автокөлікпен әкетуге жарты жылға тыйым салынуы мүмкін. Құжат 10 тамызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қатты отынның қымбаттауына жол бермеу үшін жоспар дайындалғанын хабарлады. Өйткені былтыр ауа райы күрт суытып, орталық пен солтүстікте көмірге сұраныс артқан. Бұл уақытта алыпсатарлар тоннасын 13 мың теңгеге сатып алып, 30 мың теңгеге саудалағаны есте. Енді мамандардың болжамына қарай, биыл тұтыну көлемі 9 млн 600 мың тонна болуы мүмкін. Коммуналдық-тұрмыстық секторға - 2,6 млн, ал халыққа сатылатыны 7 млн тонна. Оның үстіне былтыр көрші елдерге көмір экспорты артқан. Ал биыл елімізде 57 млн тоннадан аса шикізат өндірілді. Оның 14 млн тоннаға жуығы 344 млн долларға шетелге сатылды. Көбі Ресей, Қырғызстан мен Беларуське экспортталған. Ал ішкі нарықтағы бағасы статистикаға үңілсек ел бойынша былтыр 13478 теңге болса, биыл сәуірде 14831 теңгеге дейін қымбаттаған.  

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу