Жанар-жағармайды шетелге заңсыз тамылдағандарға қатысты қазір аумақтық органдарда 35 қылмыстық іс қаралып жатыр. Олардың бәріне Қылмыстық кодекстің 197-ші бабы: «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу» бойынша іс қозғалған.
Ведомство заңсыз айналым фактілеріне қатысты барлық істердің уақтылы және толық тексерілуін қамтамасыз етпек.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қаржы мониторингі агенттігіне мұнай өнімдерін басқа елдерге жіберудің схемасын тексеруді тапсырған болатын.