Көкшетауда нөсер жауыннан тұрғын үйлерді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда нөсер жауыннан тұрғын үйлерді су басты

01.08.2022

Нөсер жаңбырдың салдарынан Көкшетауда 20 тұрғын үйді және 60-тан астам ауланы су басып қалды. Залал келген бизнес нысандары да бар. Қатты жауын сенбі күні түнде болды. Бір жарым күнде бір айлық көрсеткіштен де жоғары нөсер жауған. Коммуналдық мекеме жұмысшылары қаланы судан тазалап үлгермеді." Арықтар уақытылы тазартылғанда, баспанамызға су кірмес еді", - дейді қала тұрғындары. Шығын көлемі әлі нақтыланып жатыр. Тұрғындар әлі де жергілікті атқарушы органдарға, төтенше жағдайлар қызметіне жүгіне алады. 

 Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу