Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылады. Бірақ бұл бизнес мүлдем тексерілмейді дегенді білдірмейді.
Ұлттық экономика министрлігі Президент жарлығына толықтырулар әзірлеп жатыр. Жеке тексерулерді қоспағанда мемлекеттік органдардың 2023 жылдан 24 жылғы 1 қаңтарға дейін жоспардан тыс тексерулер тағайындау мүмкіндігін алып тастау көзделіп отыр. Бірақ заңнаманы елемей, адам өмірі мен денсаулығына зиян келтіріп, қоршаған ортаға қауіп төндірсе әрі тұтынушылардан арыз-шағым түссе арнайы органдар тексеріс жүргізуге құқылы.
Асима Нұрбайқызы