Алматыда бюджеттен 423 млн теңге ұрлағандар 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бюджеттен 423 млн теңге ұрлағандар 7 жылға сотталды

02.08.2022

Алматыда бюджеттен 423 миллион теңге ұрлаған мемлекеттік қызметшілерге сот үкімі шықты. Қаражат ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталуы тиіс еді. Бұл туралы Жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі хабарлады.

Атап айтсақ, Медеу ауданы соты Ауыл шаруашылығы және ветеренария басқармасының бұрынғы басшысы мен өзге де үш қызметкерді бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп таныған еді. Енді аталмыш азаматтар 7 жыл бас бостандығынан айрылып отыр. Сондай-ақ, олар мемлекеттік қызметтен өмір бойына шеттетілді.


Хабарламаларға жазылу