Нұр-Сұлтан әкімдігі студенттердің оқу ақысын төлеуге құжат қабылдауды бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан әкімдігі студенттердің оқу ақысын төлеуге құжат қабылдауды бастады

02.08.2022

Нұр-Сұлтан әкімшілігі әлеуметтік көмекке мұқтаж студенттердің оқу ақысын төлеу үшін құжат қабылдауды бастады.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы құжат жинау жұмыстары 21 тамызға дейін жалғасатынын мәлімдеді. Жоғарғы оқу орындарының білім гранты ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүгедек және көпбалалы отбасылардың балаларына арналған. Мемлекеттік қолдау отбасының табысы жан басына шаққанда 190 мың теңгеден астапаған жағдайда ғана беріледі. Әрі ҰБТ нәтижесі 50 баллдан асуы тиіс.


Хабарламаларға жазылу