Елордада тұңғыш рет мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар келушілер назарына ұсынылды.
Яғни көрмеде 1913-1934 жылдар аралығындағы деректер қамтылған. Бұл шара жазушының туғанына 120 жыл толуына сәйкес ұйымдастырылып отыр.
Сондай-ақ, ертең Астанадағы Ұлттық мұрағатта Сәкен Сейфуллин әндерінің тұңғыш үнтаспасының тұсаукесер рәсімі өтеді.
Жинақтаушы автор - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Серік Оспанов.
Айғаным АЛИПОВА