Түркістан облысында күдіктіні қинаған полиция қызметкерлерінің үстінен іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында күдіктіні қинаған полиция қызметкерлерінің үстінен іс қозғалды

02.08.2022

Түркістан облысында күдіктіні қинаған полиция қызметкерлерінің үстінен іс қозғалды. Элитар.кз сайты таратқан бейнежазбадан күдіктінің қиналған дауысы естіледі. Тергелген адам екі қой ұрлауға қатысы бар деген күдікпен ұсталған. Алайда кінәсі дәлелденбеген. Бостандыққа шыққан ол өзін ұрып соққан полицейлерге қатысты шағым түсірген. Айтуынша, тәртіп сақшылары жауап алу кезінде басына пакет киігізіп, қылмысты мойныңа ал деп қинаған. Бұл жағдайға қатысты Полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы тексеру шараларын жүргізіп, істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментке өткізген. Алайда департамент өкілдері тергеуді созбаққа салып, кінәлі полицейлерге шара қолданбаған.  


Хабарламаларға жазылу