Нұр-Сұлтан әкімдігі әлеуметтік көмекке мұқтаж студенттердің оқу ақысын төлеу үшін құжат қабылдауды бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан әкімдігі әлеуметтік көмекке мұқтаж студенттердің оқу ақысын төлеу үшін құжат қабылдауды бастады

02.08.2022

Нұр-Сұлтан әкімдігі әлеуметтік көмекке мұқтаж студенттердің оқу ақысын төлеу үшін құжат қабылдауды бастады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы бұл жұмыс 21-тамызға дейін жалғасатынын мәлімдеді. Жоғарғы оқу орындарының білім гранты ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүгедек және көпбалалы отбасылардың балаларына арналған. Мемлекеттік қолдау отбасының табысы жан басына шаққанда 190 мың теңгеден аспаған жағдайда беріледі. Әрі ҰБТ нәтижесі 50 баллдан асуы тиіс. 

Сәбит Әлдебай

Хабарламаларға жазылу