Елорда да әлеуметтік және өзге де нысандардың маңында орналасқан 1700-ге жуық ақылы көлік тұрағы алынып тасталды. Әкімдіктің хабарлауынша, төрт аудандағы 55 жер учаскесі тазартылған. Ақылы тұрақ орындары орналасқан учаскелер қала меншігіне жатады. Жоба – қаланың көлік стратегиясының бір бөлігі саналады. "Ақылы тұрақтар жолдағы көлік жүктемесін едәуір азайтады"-дейді «Астананың тұрақ кеңістігі» серіктестігі.
Сәбит Әлдебай