Хорватияның жағалаудағы аудандарында орман өртеніп жатыр. Оны сөндіруге ұшақтар жөнелтілді. Әуе техникасы суды теңізден тасымалдауға кіріскен. Аймақта өрттің үш бірдей ошағы анықталды. Олар бір-бірінен араға бес минут салып тұтаныпты. Жергілікті үкімет Адриат теңізі маңындағы лапылдаған жалынды тоқтатуға жауынгерлерді де жөнелтті. Құрбандар туралы мәлімет түскен жоқ. Бірақ 20 шақты үй өртеніп кеткен. Біріккен Ұлттар Ұйымының ақпанда жариялаған баяндамасына қарағанда, алдағы жылдары климаттың жылынуынан туындаған қуаңшылықтан орман өрттері 30 пайызға көбеюі мүмкін.
Арыстан Рысбек