Елімізде интернет-алаяқтығы 18%-ға азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде интернет-алаяқтығы 18%-ға азайған

03.08.2022

Елімізде интернет-алаяқтығы 18 пайызға азайған. Бұл өткен жылдармен салыстырғандағы көрсеткіш. Сондай-ақ киберқылмысты анықтауда салғырт жұмыс істегені үшін 11 аумақтық полиция бөлімшелерінің басшылары жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Болат Дамбаев мәлімдеді. Айта кетейік жыл басынан бері 11 500 ғаламтор-алаяқтығы тіркеліп, 8 қылмыстық топ ұсталды. 

Хабарламаларға жазылу