Украинада қарулы қақтығыс басталғалы алғаш рет сапарға аттанған жүк кемесі Түркияда инсекторлардың тексеруінен өтті. Ол енді Ливанға жол тартады. Одесса портынан жөнелтілген су көлігінің бортында 26 мың тоннадан астам жүгері бар. Өткен түні бұл кеме Босфор бұғазына аялдады. Ресей мен Украина Біріккен Ұлттар Ұйымының және Түркияның арағайындығымен, астық экспортын жандандыру туралы келісімге өткен айда Ыстанбұлда қол қойды.
Айта кетсек, әскери жанжалдың кесірінен Украина қоймаларында 22 миллион тоннадай бидай мен өзге де ауылшаруашылығы өнімдері жиналып қалған. Оларды халықаралық нарыққа шығару енді ғана қайта басталып жатыр.
Арыстан Рысбек