Биыл елімізде 240 МегаВатт қосымша электр қуаты артығымен өндіріледі. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов «электр желілерін күшейту жөніндегі» президент тапсырмасын орындау барысына арналған баспасөз жиынында мәлімдеді. Бүгінде 340 МВт электр қуаты жаңадан өндірілген. Жыл соңына дейін қосымша ұлттық электр желісін жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде Батыс энергия аймағының электр желілерін күшейту бойынша құрылыс-монтаждау жобасы да бар. Қазір оңтүстік энергия аймағының электр желілерін күшейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленген. сондай-ақ, Энергетика министрі бұдан былай транзиттік көліктер үшін дизель отыны сараланған бағамен берілетінін де жеткізді. Бұған дейін үкімет отырысында Мемлекет басшысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма берген болатын.
Болат Ақшолақов, ҚР Энергетика министрі:
Ағымдағы жылы 900 ден астам жұмыс орыны бар 11 жаңартылатын энергия көздері жобасын іске қосу жоспарлануда. Бүгінде 5 обьект іске қочсылды. Мұның ішінде 3 күн электр стансасы, және 330 жұмыс орыны құрылған екі жел электр стансасы бар.
Сәбит Әлдебай