Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай жөнелту көлемі азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай жөнелту көлемі азайды

04.08.2022

Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай жөнелту көлемі азайды. Оған Каспий құбыр консорциумына қарайтын Қашағандағы мұнай өндірудің тоқтауы себеп болып отыр. Сондай-ақ Теңіз мұнай кен орнында да жөндеу жұмыстары басталды. Осы екі фактор Теңіз-Новороссийск құбыры арқылы мұнай жөнелту көлемін айтарлықтай төмендетті. Каспий құбыр консорциумы таратқан хабарламада компания акционерлері мен мұнай тасымалдаушыларға аталған жағдай алдын ала ескертілген. Ал Атырау зауытындағы апат мұнай тасымалына еш әсер етпеген.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу