Ақтауда 500 адам спорттық сайыста бақ сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда 500 адам спорттық сайыста бақ сынады

04.08.2022

Ақтауда «Tartyl Fest»  спорт фестивалі өтті. Жарыс- бұқаралық спортты дамытып, жастарды дене шынықтыруға баулу мақсатында ұйымдастырылды. 9 санат бойынша 500-ге жуық адам турникке тартылып, күштерін сынады Әсіресе Ақтау, Жаңаөзен қалалары мен қала маңындағы ауыл тұрғындары белсенділік танытты. Нәтижесінде қатысушылардың бірі белтемірде 45 рет тартылып, рекорд орнатты. Бұған дейінгі көрсеткіш-41 болатын. Фестиваль қорытындысында 27 жеңімпаз анықталып, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, оларға күзде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға жолдама берілді.

Нұрлан Қоянбаев, «Дара»  қорының басшысы:

Бұқаралық спортты қолдау үшін, турникке тартылуды бастадық. Енді 11 қала қалды. Алдында біз ойлағанбыз турникке адам аз қатысатын шығар деп жоқ қалаларда қатысушылар өте көп. Біздің мақсатымыз жарыс ұйымдастыру емес, мереке жасау және де орта қалыптастыру.

Талғат сазанбаев, Түпқараған ауданының тұрғыны:

1 ай бұрын естігем тартыл фест болатынын. Соған дайындалатын уақыт аздау болып қалды өкінішке қарай, өз деңгейімнен аз тартылып қалдым. Атмосфера күшті, барлығы керемет болып жатыр. Жеркіншектерге, жасөспірімдерге жақсы мотивация деп ойлаймын.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу