Ақмола облысы Астрахан ауданының Петровка ауылында ұсақ малдан бруцеллез ауруы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысы Астрахан ауданының Петровка ауылында ұсақ малдан бруцеллез ауруы анықталды

04.08.2022

Ақмола облысы Астрахан ауданының Петровка ауылында ұсақ малдан бруцеллез ауруы анықталды. Сондықтан елдімекенде шектеу шаралары енгізілді.

Ермек Елберген, тілші:

Қауіпті індет 23 бас қойдан анықталды. Қазіргі уақытта олардың барлығы жойылған. Тағы 29 сынама күдікті деген нәтиже көрсеткен. Бәрі бір тұрғынның малы. Ол қойларын өткен күзде әр жерден сатып алғанын айтады. Алайда, тиісті ветеринарлық шараларды атқармапты.

Талғат Жүнісов, Ақмола облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

Себептері ол безконтрольный ввоз, бұл жерде қадағалаумыз, қараусыз, ешкімге айтпастан, негізі бір жерден мал келген уақытта ол ветеринарный врачтарға айтып, сол жерде 7 күн карантинге қоюымыз керек те. Ол әкелді, әкелгеннен кейін ешкімге айтпай тұр ғой. Әкелгеннен кейін біз одан қан алу керек, басқа да оброботка жасауымыз керек. Сол жасалмай қалып отыр ғой.

Ермек Елберген, тілші:

Шектеуге байланысты ауылдан малды шығаруға немесе сырттан әкелуге болмайды. Сондай-ақ, ет пен сүт өнімдерін де тасымалдауға тыйым салынған. Енді ауылдағы барлық төрт түліктен 15 күн сайын сынама алынады. Қатарынан 2 рет ауру тіркелмеген жағдайда ғана, шектеу алынбақ. Айта кету керек, елдімекенде 2 мыңнан астам ірі қара, 1200 қой, 620 шошқа, 330 шамасында жылқы бар. Мамандар аса қауіп жоқ дейді. Облыстағы жалпы аухал тұрақты. Десе де, Петровкадан басқа 6 ауылда ірі қараның бруцеллезбен ауруына байланысты шектеулер енгізілген.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу