Жыл сайын кем дегенде 40 мың қазақстандық инсульт алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл сайын кем дегенде 40 мың қазақстандық инсульт алады

04.08.2022

Жыл сайын кем дегенде 40 мың қазақстандық инсульт алады. Оның 5 мыңы алғашқы он күндігінде, тағы 5000-ы бір ай ішінде көз жұмады. Тек 10 пайызы ғана қайта қалпына келеді. Басқалары мүгедек болып қалады. Инсульттың қауіптілігі осында. Оның үстіне - ауру жас талғамай барады. Бұрын алпысты алқымдағандар шалдықса, қазір жастар да бұл кеселдің алдында дәрменсіз. Оның негізгі себебі – қозғалыс аз. Дұрыс тамақтану көп аурудың алдын алатынын білсе де елемейтіндер көп.

Ержан Әділбеков, Инсульт проблемалары жөніндегі республикалық үйлестіру орталығының басшысы:

Тұзды 5 гр артық пайдалануға болмайды. Бізде одан көп жейді. Тұздың бір жаман жері ол өзіне су тартатады да, қан қысымын көтеріп жібереді. Сол инсультты алып келеді. Содан кейін өте майлы тағамдарымыз. Ол холестерин артерияның ішінде инсульттың бір себебі. 20 пайыз дәрі-дәрмекті ішеді. 80 пайызы ішпейді.

Кеселмен қазір бүкіл әлем күресіп жатыр. Еуропаның өзінде ауру 34 процентке өскен. Жыл сайын жер бетіндегі млндаған адам осы дерттен көз жұмады. Сондықтан бірлесе күреспесе болмайды. Әлемнің түкпір-түкпірінен мамандардың Елордаға жиналған себебі осы. Еуропалық ғалымдар кеселдің алдын алудың жаңа тәсілін ұсынды.

Франческа Роман Пазеда, Италия инсульт қауымдастығының басшысы:

Біз ауру көрсеткішінің төмендету жолдарын іздеп жатырмыз. Осы бағытта жаңа жобаны бастадық. Оған Қазақстан да қосылуға ниет білдірді. Біз ұсынған жоба жүзеге асса онда 2030 жылға қарай инсультке шалдығу көрсеткішін 80 пайызға дейін түсіруге болады. Бүгін оның тетіктерін әріптестерімізбен жан-жақты талқылаймыз.

Инсульттің емі алғашқы 4,5 сағат ішінде ғана пайдасы бар. Одан кейінгі әрекеттерден үміт аз. Ал бізде білікті маман тапшы. Әсіресе, ауыл-аймақтарда мәселе өзекті. Науқасты оңалту да оңай емес. Мамандар қазір осы бағыттағы проблемаларды шешудің жолдарын іздеп жатыр.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу