«Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы былтыр 1 млрд теңге шығынға батқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы былтыр 1 млрд теңге шығынға батқан

05.08.2022

«Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы былтыр 1 млрд теңге шығынға ұшыраған. Алайда оған қарамастан, басшыларына негізсіз сыйақылар тағайындап, қызметкерлер санын тым көбейтіп жіберген. Антикор арнайы тексерістен соң, осындай ұйғарымға келді. Сондай-ақ күмәнді келісімшарттар мен инвестицияларды салу кезіндегі олқылықтар да бар. Жалпы бұл мекеменің жұмысына шағым көп. Әкімдіктің ведомствоаралық комиссиясы жұмысты жүйелеуге қатысты ұсынымдар бергенімен, корпорация оны пысқырмаған. Жалпы 2019 жылы шығын көлемі 720 миллионға жуықтаса, 2020 жылы 780 миллион болған. Ал былтыр 1 млрд теңгеден асып жығылды.

Есқали Саламатов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары:

Мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр. Тиісті талдаудан кейін «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының жұмысын жақсартуға бағытталған 30 ұсыным бердік. Кеше осы бойынша олардың есебін тыңдадық. Әзірге нәтиже көңіл көншітпейді. Бірақ біз бұны бақылауға алдық. Істің соңына дейін жеткенін қадағалаймыз.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу