Алматы облысы: Атыс болып, бір адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысы: Атыс болып, бір адам көз жұмды

05.08.2022

Алматы облысында атыстан 3 адам жарақат алып, біреуі мерт болды. Жараланғандар ауруханада жатыр. Оқиға Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында болған. Қарулы қақтығысты тоқтатуға аймақтан қосымша полиция қызметі тартылған. Аталған жағдай жергілікті тұрғындар арасындағы кикілжіңнен туғаны белгілі болды. Қазір облыстық Полиция департаменті осы оқиғаға қатысы бар барлық күдіктіні анықтаған. Бірақ олар әлі қолға түскен жоқ, іздестіріліп жатыр.

Фариза Мұсақызы


Хабарламаларға жазылу