Қазақстан Украинадан дәрі сатып алуды тоқтатты. Оған осы елдегі әскери қақтығыс әсер еткен. Біздің еліміз бұл мемлекеттен дәрі-дәрмектің 20 түрін импорттап келген. Қазіргі таңда оларды Үндістан мен Қытай, Мысыр және Еуропа елдерінен сатып алу жұмысы жолға қойылды. Бұл туралы елордадағы брифинг барысында дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры Бауыржан Жүсіпов айтты. Жалпы Қазақстан 2025 жылға қарай ішкі нарықтың 50 пайызын отандық өніммен қамтуды жоспарлап отыр. Әзірге фармацевтика бойынша қазақстандық өнімдердің үлесі 21 пайызды ғана құрайды.
Бауыржан Жүсіпов ҚР ДСМ дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры:
80 пайыз дәрі-дәрмек басқа елдерден сатып алынды. Бірнеше позициялар қалды. Ол бойынша қазір сатып алу жұмыстары жүріп жатыр.
Шерхан Жамбылұлы