Украинада ай сайын бюджет тапшылығы ұлғайып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинада ай сайын бюджет тапшылығы ұлғайып барады

05.08.2022

Украинада ай сайын бюджет тапшылығы ұлғайып барады. Мемлекет тығырықтан шығудың жолын іздеп, әлеуметтік төлемдерді қысқарту немесе уақытша алып тастау туралы шешімге көшкен.

Аида Әбіл, тілші:

Украина қазына қорының да ай сайынғы тапшылығы шынымен қатты сезіле бастады. Өйткені бюджет қаражатының мол бөлігі қорғаныс саласына құйылып жатыр. Зейнетақы сияқты негізгі әлеуметтік төлемдер уақытылы атқарылғанмен, түнгі кезекте қызмет атқарып жүрген медицина мамандарынана берілетін қосымша төлемдер мүлдем алынып тасталды.

Алексей Плотников, қаржыгер:

Ай сайынғы бюджет тапшылығы 5-тен 8 млрд еуроға дейінгі қаражатты құрады. Сондықтан ел үкіметі әлеуметтік төлемдерді қысқартуға көшті. Бюджет қызметкерлерінің айлығы тұрақты төленіп тұрады, алайда, ғылыми дәреже үшін беріліп келген қосымша қаражат және дәрігерлердің қосымша қызметі үшін үстемақы төленбейді.

Аида Әбіл, тілші:

Украина Ұлттық банкі жылдық инфляция 31%-ға жетеді,- деп болжап отыр. Дей тұрғанман қазір Украинада бір нәрсені алдын-ала айту өте қиын. Тәуелсіз сарапшылар мысалы бұл көрсеткіш 45 тіпті 50%-ға дейін көтерілуі мүмкін,- деп айтуда. Өйткені қарулы қақтығыс ұлттық валюта - гривнаның құнсыздануына әкелді. Бес айдан бері гривна 30%-ға  құлдыраған.


Хабарламаларға жазылу