Шығыста 8 адам кене энцефалитіне шалдықты. Бұл науқастардың ешқайсысы кене шаққаннан кейін, медициналық көмекке жүгінбеген.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, өңірде сәуір айынан бері эндемиялық аумақтарда 3346 адам зиянкестен зардап шеккен. Оның мыңға жуығы, яғни үштен бір бөлігі, 14 жасқа дейінгі бала. Кене шағып инфекция жұқтырған 8 адамның 7-уі жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлер «денсаулығы қалыпты» деп отыр. Оларға арнайы ем-дом тағайындалды.