Америкада бір айда 528 мың адам жұмысқа орналасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Америкада бір айда 528 мың адам жұмысқа орналасты

08.08.2022

Америка соңғы 60 жылда ең төменгі жұмыссыздық деңгейіне жетті. Себебі соңғы айда жарты миллионның үстіне адам жұмыс тапқан. Ал, АҚШ тағы жағдай әдемдік ахуалға тікелей әсер етері анық.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

Өткен айдан АҚШ-та 528 000 жұмыс орны ашылған. Яғни, экономистер күткеннен екі есе көп адам екі қолға бір күрек тапты деген сөз. Бұл пандемияға дейінгі деңгейден де жоғары. Еңбек департаментінің жұмыспен қамту туралы есебі елдің экономикасы құлдырайды деген қорқынышы су сепкендей басқандай. Бұл Байден үшін де өте жаңғымды жаңалық болды. Себебі, экономикадағы қиындықтарға байланысты кейінгі кезде президенттің рейтингі едәуір түсіп кеткен еді.

Джо Байден, АҚШ президенті:

Мен Президент болғалы 10 миллионға жуық жұмыс орны ашылды. Бұл тарихтағы ең жылдам өсім, әрі Америкадағы соңғы 60 жылдағы ең төменгі жұмыссыздық деңгейіне яғни 3,5 пайыз жеттік. Бүгінде Америкада пандемияға дейінгіге қарағанда көбірек адам жұмыс істейді. Білесіз бе, бірер жыл бұрын көптеген сарапшылар американдық өндірісті жандандыру іс жүзінде мүмкін емес деп айтқан. Мен қызметке кіріскелі өндіріс саласында алты жүз қырық екі мың тұрақты жұмыс орнын аштық.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

Еңбек нарығы қазір ковид кезінде жабылған жұмыс орындарын түгел қаптына келтірілді. 2007-2009 жылдардағы рецессиядан кейін оңалу үшін кемінде алты жыл керек болса, пандемия салдарын еңсеру үшін 2 жарым жылдан аз уақыт қажет болды. Ал, еңбек нарығындағы тұрақтылық Федералдық резерв жүйесіне пайыздық мөлшерлемелерді тағы да көтеруге мүмкіндік береді. Себебі, қырық жылда болмаған инфляцияны азайтудың төте жолы несие ставкасын көбейтіп, нарықтағы ақша массасын азайту керек.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу