Ақтауда энергетиктердің қылмыстық тобына қатысты сот үкімі шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда энергетиктердің қылмыстық тобына қатысты сот үкімі шықты

09.08.2022

Ақтауда энергетиктердің ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты. Түрлі қылмыстық істер бойынша 9 адам 5 жылдан 7 жылға дейін сотталды. Оларға алдын ала сөз байласып, бөтеннің мүлкін ұрлау, бопсалау, салық төлеуден жалтару, басып алу және өкілеттігін асыра пайдалану дерегі бойынша айып тағылды.

Сот қылмыстық топтың алдын ала келісім бойынша электр энергиясын ұрлағанын анықтады. Сотталушылар «СКЗ», «Батыр», «Приозерный», «Рахат» қосалқы станцияларындағы есептеу құралдарына заңсыз ықпал еткен. Осылайша, олар «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» және «МРЭК» мекемелеріне аса ірі көлемде зиян келтірген.

Хабарламаларға жазылу