Бірқатар өңірде балабақшамен қамту қарқыны төмен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірқатар өңірде балабақшамен қамту қарқыны төмен

09.08.2022

Еліміздің кейбір өңірінде балабақшамен қамту жоспары дұрыс орындалмай келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Мектепке дейінгі мекемелердің тапшылығы әсіресе адам көп шоғырланған аймақтарда байқалады. Яғни Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Атырау облысы. Жыл басталғалы тек мың орындық балабақша ғана ашылған.

Сонымен қатар Премьер-Министр мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің сапасын арттыру үшін министрге бірінші қарашаға дейін осы мекемелерді лицензиялау мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Хабарламаларға жазылу