Франциядан келген бір адамдық цирк өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франциядан келген бір адамдық цирк өнер көрсетті

18.10.2014
Франциядан келген бір адамдық цирк өнер көрсетті

Франциядан Астанаға ерекше типтегі цирк келді. Бұл циркте бір адам ғана жұмыс істейді. Ал, қалған актерлер түрлі бұйымдардан құрастырылған.

Франциялық Лорен Биготтың «Кішкентай цирк», - деп аталатын кәсібінде көбіне тұрмыстағы заттар мен қарапайым гаджеттер пайдаланылады.

Маман түрлі ермексаздан жасалған артистеріне ерекше мән береді. Автордың айтуынша, әрбір қимылда дыбыс бар.

Заттарға шағын микрофон орнатып, дыбыс жиілігін арнайы құрылғы арқылы реттейді екен.

Зарина БҮЙЕНБАЙ

 

Хабарламаларға жазылу